«К-Трансгрупп» ЖШС-нің қызметінің басым бағыттарының бірі, 2003 жылы құрылған күнінен бастап, Қазақстан Республикасының, ТМД мен Еуропаның аумағы бойынша 3, 4 білікті тартқыштар мен ІАЖ тасымалдау кезінде оларды пайдалану автокөлік құралдарының жүрісін регламенттейтін рұқсаттық жүйенің шеңберінде төленетін алымның азаюының есебінен тасымалдауға шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін 4, 5, 6 және одан көп білікті төмен рамалы жартылай тіркемелерден тұратын меншікті арнаулы паркімен және/немесе жалға алынған автокөлікпен ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді (ІАЖ) тасымалдау болып табылады.
ІАЖ тасымалдау бойынша көпжылдық тәжірибесі бар және жол желісін практикалық білетін, сондай-ақ рұқсат беру жүйесінің талаптарын білетін және орындайтын «К-Трансгрупп» ЖШС ІАЖ өткізу бойынша қызметтердің:
  • ІАЖ тасымалдау бағдарына келісімдерді алу мен ІАЖ тасымалдауға арнайы рұқсатты ресімдеу бойынша қызметтерден бастап
  • ІАЖ тасымалдауды қалқалау автомобильдерінің және контакттық-кабельдік желілердің автомобильдерінің ілесіп жүруін қамтамасыз етуге дейін толық ауқымын ұсынады
«К-Трансгрупп» ЖШС ұсынатын қызметтер ІАЖ иегерлері мен тасымалдаушыларға тасымалдау шығындарын, соның ішінде :
  • ІАЖ тасымалдауға рұқсаттарды ресімдеу бойынша шығындарды
  • және жүктерді түпкілікті тұтынушыға жеткізу үшін қажетті уақытты алдын ала есептеуге мүмкіндік береді